Өрт орнында 80-нен астам адам жұмылдырылған
Қостанай облысында шамамен 700 гектар аумақты қамтыған табиғи өрт толықтай сөндірілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрліктің мәліметінше, өрт орнында 80-нен астам адам, 25 техника және арнайы өрт сөндіру пойызы жұмылдырылған. Оқиға орнында құтқару қызметі, орман шаруашылығы, жергілікті атқарушы органдар және ерікті өрт сөндіру жасақтары бірлесе жұмыс істеді.
«Өрттің таралуына жол берілмеді. Қазір өрттің шығу себептері анықталуда. ТЖМ өрт қауіпті кезеңде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға және өрт белгілері байқалған жағдайда 112 нөміріне жедел хабарлауға шақырады», – делінген ресми мәлімдемеде.