«Неге таңғалып отырсыз?»: Салтанат Серкебаева күйеуімен бір ай ғана таныс болғанын айтты

Автор: Дәулет Ботагөз

Ол «Мамский әңгіме» подкастында екінші күйеуімен қалай танысқанын айтып берді

Фото: видеодан скриншот

Әнші, актриса Салтанат Серкебаева «Мамский әңгіме» подкастында екінші күйеуімен қалай танысқанын айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Фильм премьерасымен Қазақстан қалаларын аралап жүрдік. Өскемен қаласында бізді менің қазіргі күйеуім күтіп алды. Содан бір апта бұрын Құдайдан махаббат жіберуін сұрағанмын. Араласа келе оның мен сұраған адам екенін түсіндім», — деді актриса.

Ол күйеуімен танысқан соң бір айдан кейін неке қиғандарын айтты. Оған жүргізуші Айнұр Ілиясова адамдар көбіне ұзақ жүретінін алға тартты.

«Неге таңғалып отырсыз? Не үшін біз бір жыл жүреміз? Бір-бірімізді тану үшін бе? Қай жер сәйкес келетін-келмейтінін біліп, сосын ажырасып кету үшін бе? Не істейміз бір жыл жүріп?», — деді Серкебаева.