Тілсіз жауды сөндіруге 419 адам мен 140 техника жұмылдырылды
Абай облысындағы Семей орманында болған алапат орман өрті толығымен сөндірілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өрт сөндіру бойынша барлық жұмыс 17:10-да аяқталды.
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мәліметінше, тілсіз жауды сөндіруге 419 адам мен 140 техника жұмылдырылды. Олар:
«Өрттің таралуына жол бермеу бойынша барлық жұмыс аяқталды», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, осыған дейін Абай облысының Бесқарағай ауданындағы «Семей орманында» тағы да алапат өрт шыққаны хабарланған болатын.