Елімізде қашықтан жұмыс істейтіндер көбейді, бірақ үлесі әлі де аз

Автор: Дәулет Ботагөз

Бір жыл ішінде олардың саны 18,6 пайызға арты

Фото: © istockphoto.com

Қазақстанда қашықтан жұмыс істейтін азаматтардың саны бір жыл ішінде 18,6 пайыз артып, 2024 жылдың төртінші тоқсанында 46,7 мың адамға жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ranking.kz мәліметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Дегенмен, бұл көрсеткіш жалпы жұмыспен қамтылғандардың тек 0,51 пайызын ғанақұрайды. Былтыр бұл үлес 0,44 пайыз болған. Яғни, өсу байқалғанымен, қашықтан жұмыс істеу әлі де кең тараған формат емес.

Айта кетерлігі, жұмыс берушілер тарапынан байланыс құралдарымен қамтамасыз етілген қызметкерлердің де саны артқан. Егер 2023 жылы мұндай мүмкіндікті тек 3,8% қызметкер пайдаланса, 2024 жылдың соңына қарай бұл көрсеткіш 13,7% немесе 6,4 мың адамға жеткен.

Қашықтан жұмыс істейтіндер мына өңірлерде көп:

  • Ақтөбе облысы – 11,3 мың адам (2,46%)
  • Жетісу облысы – 7 мың адам (2,33%)
  • Маңғыстау облысы – 6,6 мың адам (1,89%)

Бұл өңірлерде қашықтан жұмыс істеу ең көп таралған. Ал Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында ресми тіркелген қашықтан жұмыс істейтін азаматтар жоқ.