Олар 1 сәуірде жолға шығып, сол қалпы қайтып оралмаған
Қайғылы оқиға Атырау облысының Құрманғазы ауданында болды. Сәуірдің 1-і күні екі ер адам теңізге шығып, сол қалпы қайтып оралмаған. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Atyrau Online-ға сілтеме жасапхабарлайды.
Балықшылар балық аулау үшін қайықпен Новинск каналының бойымен Каспий теңізіне қарай тартқан. Осыдан кейін олармен байланыс үзілді.
Бірнеше күнге созылған іздестіру шаралары нәтижесінде тек 3 сәуірде ғана «Каспий таңы» өндірістік кооперативінің қызметкерлері жағадан 70 шақырымдай қашықтықтан балықшылардың мәйітін тапты.
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қаза тапқандар – 1981 және 1991 жылы туған ер адамдар. Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.