$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарағандыда көлік магнитофонын ұрлап жүрген қала тұрғыны істі болды

Облыстық Полиция департаменті жағдайды түсіндіріп берді

Қарағандыда көлік магнитофонын ұрлап жүрген қала тұрғыны істі болды
Фото: istockphoto.com

Қарағандыда бірнеше көліктің магнитофонын ұрлап жүрген қала тұрғыны қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, түнгілік уақытта Жаңа Майқұдық полиция бөліміне 24 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданып, белгісіз біреу аулада тұрған көлігінен магнитофон калонкасын алып кеткені туралы хабарлаған. Оған келтірілген шығын көлемі 37000 теңгені құраған. Осы хабарламадан соң көп ұзамай тағыда бір қала тұрғыны хабарласып, автокөлігінен магнитофон ұрланғаны туралы арызданды. Жәбірленушіге келтірілген шығын 15 мың теңгені құрады.

«Полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 20 жастағы күдікті ұсталып, жасаған әрекеттері туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктінің осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеруде», - делінген ПД хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары