Жаңа өзгерістерді Төтенше жағдайлар комитеті ұсынып отыр
Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті көпқабатты тұрғын үйлердегі терезелерді жабдықтау туралы ережеге өзгеріс енгізбек. Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитетінің басқарма басшысы Орал Әбдірахмановтің сөзіне сілтеме жасай отырып, Қазақстан ұлттық телеарнасы хабарлаған.
«Жыл басынан бері 21 бала терезеден құлап кетті. Жаңа талаптың арқасында осындай оқиғалар азайып, бала өлімі төмендейді деген сенім бар», - дейді Орал Әбдірахманов.
Жаңа өзгеріс қабылданса, көп қабатты үйдегі пәтерінің терезесін ата-ана қауіпсіз етуге міндеттеледі. Ал, балабақша мен мектептің терезесін құлыптау үшін мемлекет қаражаты жұмсалмақ.
Олжас Әбдірахмановтың айтуынша, қазір Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне тиісті ұсыныстар жолданған.