Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы тағайындалды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Қазір ол Астана қалалық кеңесінің депутаты қызметін атқарып жүр

Фото: ҚФФ

Қазақстан футбол федерациясының құрылымында кадрлық өзгерістер болды. Бұл туралы ҚФФ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Атқару комитетінің шешімімен бас хатшы қызметіне Дэвид Лория тағайындалды. Ол Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы және UEFA MIP бағдарламасының түлегі.

Қазір ол Астана қалалық кеңесінің депутаты қызметін атқарып, еліміздің әлеуметтік саласын дамытуға қосқан үлесі үшін «Құрмет» орденімен марапатталған.