Геннадий Головкин финалда Владимир Кличконы жеңді

Автор: Azattyq Rýhy

Посткеңестің елдер тарихындағы үздік боксшының кім екені анықталды

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстандық Геннадий Головкин бокс туралы жазатын атақты vRINGe.com порталы ұйымдастырған "Фэнтези-лига: аңызға айналған боксшылар" атты турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Вести.кз сайты.

Турнирдің финалында  GGG Украинаның аңызы Владимир Кличкодан басым түсті. Финалда портал оқырмандарының 68% Головкин үшін, ал, 32 пайызы Кличко үшін дауыс берген. Үшінші орын тағы бір украиналық боксшы Василий Ломаченкоға  бұйырған.

Турнирдің алдында Кличко бірінші орын, Головкин екінші орын, Ломаченко үшінші орын алады деп болжанған еді.  

Жалпы, vRINGe.com сайты «аңыздардың турнирі» арқылы 1991 жылдан кейінгі посткеңестік елдер арасындағы үздік кәсіпқой боксшыны таңдайды. Бұл турнирде спортшының салмағы, басқа турнирлердегі көшбасшылығы саналмайды.