Қаражал қаласында 50-ге жуық киік суға батып кеткен (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Қазір өлекселерді жою бойынша санитарлық жұмысты ТЖМ қызметкерлері жүргізіп жатыр

Фото: Видеодан скрин

Ұлытау облысының Қаражал қаласының маңынан суға батып кеткен 50-ге жуық киіктің өлексесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазір өлекселерді жою бойынша санитарлық жұмысты ТЖМ қызметкерлері жүргізіп жатыр.

«Осы жылдың 1 сәуірінде Қаражал қаласының төтенше жағдайлар бөлімінің күштерімен қала аумағында су және мұз үстіндегі 50-ге жуық киік өлекселерін шығардық», - дейді Қаражал қаласы 3-ӨСБ бастығының орынбасары Ерсұлтан Аманжанов.