Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағына циклон келеді
«Қазгидромет» РМК алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағына циклон келеді.
«Қазақстанда күн жылына бастаған еді, бірақ кезекті циклон ел аумағына ауыса бастады. Суық ауа массаларымен бірге жаңбыр мен найзағай әкеледі. Солтүстік аймақтарда түнде қар жауады, ал кейбір аудандарда бұршақ жаууы мүмкін.
5 сәуірде ауа массаларының Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысындағы тау жотасымен соқтығысуы синоптикалық процестердің шиеленісуіне алып келеді, бұл өз кезегінде осы өңірлерде қатты жауын-шашынның түсуіне әкеледі», - делінген синоптиктер болжамында.