Ол қарызын төлеуден бас тартқан
Абай облысының Үржар ауданында қарызын қайтармаған адам сотталып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық прокуратураның мәліметінше, Үржар ауданының тұрғыны 1 млн теңгеден астам қарызын төлеуден бас тартқан.
«Аудан прокуратурасы анықтағандай, борышкер әдейі сот орындаушыларынан жасырын өзіне тиесілі үйін сатып, алынған қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсады.
Аудан прокуратурасы бастаған сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша Үржар аудандық сотының үкімімен борышкерҚР ҚК 430-бабының 1-тармағымен (сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін не атқарушылық құжатты орындамау) 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеуге тартылды.
Қазіргі уақытта қарыз толық көлемде өтелді», - делінген прокуратура хабарламасында.