Рейтингті Илон Маск бастады, оның байлығы 342 миллиард долларға бағаланған
Жеті қазақстандық әлемнің ең бай адамдарының тізіміне енді. Forbes USA мәліметінше, тізімді олар бизнесмендердің активтері бойынша ресми бағамдары мен оларға тиесілі акциялардың бағасына сәйкес әзірлеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Рейтингті Илон Маск бастады, оның байлығы 342 миллиард долларға бағаланған. Екінші орында 216 миллиард доллар байлығымен Марк Цукерберг, үшінші орында 215 миллиард доллар байлығымен Джефф Безос тұр.
Бұл тізімге қазақстандық кәсіпкерлер де енгенін айта кеткен жөн.