Өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды
ҚР премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ресей Федерациясының елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, биік және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын, сондай-ақ өзара сапарлар кестесін талқылады.
«Өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, халықаралық ұйымдар мен интеграциялық бірлестіктер аясындағы өзара іс-қимыл бойынша пікір алмасу өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша одақтастық және стратегиялық серіктестік рухында Қазақстан мен Ресей арасындағы дәстүрлі достық және тату көршілік қатынастарды одан әрі нығайтуға бейілділік расталды», - делінген СІМ хабарламасында.