Тоқаев осы аптада Өзбекстанға жұмыс сапарымен барады

Автор: Асыл Арман

Президент «Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммитінің отырысына қатысады

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы аптада жұмыс сапарымен Өзбекстанға баратын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорданың мәліметінше, мемлекет басшысы Өзбекстанға президент Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен 3-4 сәуір күндері барады.

Самарқандта Қазақстан президенті «Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммитінің отырысына қатысып, бірқатар кездесу өткізеді.