Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр
Қырғызстанның Бішкек қаласындағы Панфилов атындағы саябақта оқыс оқиға болды – аттракционнан құлаған қыз бала ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға 30 наурыз күні болған. Аттракцион айналу кезінде қауіпсіздік белдігі үзіліп, қыз жоғары биіктен құлап кеткен.
Куәгерлердің айтуынша, ол жерге бетімен соғылып, мұрны мен тістері сынған, қатты қан кеткен.
Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, зардап шеккен қыз ауыр халде ауруханаға жатқызылған. Дәрігерлер оған ашық бас-ми жарақаты және ми шайқалу диагнозын қойған. Қазіргі уақытта аталған оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.