2025 жылдың 1 наурызындағы статистикаға сәйкес, отандастарымыздың саны 20 316 155 адамға жетті
Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының қазіргі саны, өмірге келген сәбилер, қайтыс болған адамдар жайлы нақты мәлімет жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ведомство мәліметінше, 2025 жылдың 1 наурызындағы статистикаға сәйкес, отандастарымыздың саны 20 316 155 адамға жетті. Олардың арасында әйелдер – 10 388 760, ал ерлер саны 9 927 395-ке жетті.
Қала халқының саны – 12 813 769, ауыл халқы – 7 502 386 адам.
Жыл басынан бері, яғни қаңтар-ақпан айларында 51 439 сәби өмірге келді. Осы аралықта елімізде 21 121 адам қайтыс болды.