Қайрат Нұртастың да анасы бизнес бастап, бренд ашу үшін Қытайға кетті (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Әншінің анасы дәл қазір Қытайдың Гуанджоу қаласында жүр

Фото: Видеодан скрин

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова кәсіпке бет бұрып, бренд ашу үшін Қытайға кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әншінің анасы дәл қазір Қытайдың Гуанджоу қаласында жүр.

«Бұрын-соңды бізде болмаған, алғашқы продукцияны өз брендіммен бастауға шешім қабылдадым», - деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Айта кетейік, осыған дейін Қайрат Нұртастың анасы ұлы мен келінінің арасына түскенін мойындаған болатын.

Тегтер: