Тоқаев Словенияның президентіне Астана халықаралық қаржы орталығын көрсетті

Автор: Асыл Арман

Қаржы орталығы арқылы тартылған инвестиция – 14,4 мллрд доллар

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанға ресми сапармен келген Словения президенті Наташа Пирц-Мусар Астана халықаралық қаржы орталығын аралап көрді. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Президенттерге қаржы орталығының құрылымы мен қызметінің негізгі бағыттары туралы мәлімет берілді.

Қаржы орталығы арқылы тартылған инвестиция – 14,4 мллрд доллар:

  • 7,1 миллиарды – Astana International Exchange биржасындағы портфельдік инвестициялар;
  • 7,3 миллиарды – АХҚО қатысушыларының инвестициялары.

Қаржы орталығында әлемнің 80-нен астам елінен 3700-ге жуық компания тіркелген.

Мемлекеттер басшыларына прецеденттік құқық нормалары мен қағидаттарына негізделген Орталық Азиядағы алғашқы сот жүйесі – АХҚО Сотының, сондай-ақ Халықаралық төрелік орталығының жұмысы жөнінде баяндалды.