ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары тағайындалды

Автор: Асыл Арман

Хабарлама Ақорда сайтында жарияланды

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасарын тағайындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Жақыпұлы Сүттібаев Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды», - делінген Ақорда хабарламасында.