Өскеменде пойыз бен автобус соқтығысып қала жаздады (ВИДЕО)

Автор: Мөлдір Қазыбай

Автобус теміржол өткелінің дәл ортасына жеткенде өшіп қалды

Фото: Видеодан скрин

Өскеменде теміржол өткелінің дәл ортасына шыққан автобустың кенеттен моторы өшіп қалды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Шығыс Қазақстан облысының орталығында полиция қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар теміржолда болған төтенше жағдай кезінде жедел әрекет етіп, пойыз бен автобустың соқтығысуына жол бермеді.

Патрульдік полицейлер Тимур Абдрахманов пен Раджан Базарбекұлы дереу көмекке ұмтылып, қала тұрғындарымен бірге рельс үстінде тоқтап қалған автобусты итеріп шығарды.

Олардың жылдам әрекетінің арқасында ауыр зардаптың алдын алуға мүмкіндік туды.