Пәтер күнделікті жалға беріліп келген
Таразда адам шошырлық оқиға болды. Тәуліктік жалдамалы пәтерден полиция қызметкерінің мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде жарияланды. Белгілі болғандай, марқұмды пәтер иесі баспананы қабылдауға келгенде тапқан.
Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған фактіге сәйкес, «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Оқиға орнына полиция департаментінің басшылығы мен жедел-тергеу тобы дереу жетті», - деп хабарлады ведомстводан.
Құқық қорғау органдары сондай-ақ оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтау үшін қажетті кешенді тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын қосты.