СҚО-да бір аптаның ішінде ондаған мас жүргізуші ұсталды

Автор: Асыл Арман

Ұсталғандардың арасында жүргізуші куәлігі жоқ адамдар да болған

Фото: istockphoto.com

СҚО-да өткен аптада 25 мас жүргізуші анықталды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Тәртіп сақшылары бес күн бойы Солтүстік Қазақстан облысы жолдарында күшейтілген тексерістер жүргізді. Іс-шара нәтижесінде 25 мас жүргізуші анықталды.

Мәселен, таңертең ерте Петропавлда полицейлер күдікті «Audi-80» автокөлігін тоқтатты. Көлікті тізгіндеген 22 жастағы аудан тұрғыны алкогольдік масаң күйде болған, оның үстіне жүргізуші куәлігі де болмаған. Құқық бұзушы әкімшілік қамаққа алынды.

Солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылар «Мас жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 1390 түрлі құқық бұзушылықты анықтады, оның 165-і жылдамдық режимін бұзу болса, 54-і жүргізушілердің жаяу жүргіншілерге басымдылық бермеу фактілері.

Полиция қызметкерлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді ЖҚЕ талаптарын қатаң сақтауға шақырады.