Түркістан облысында 6 жыл бойы халықаралық іздеуде болған адам FaceID арқылы ұсталды

Автор: Асыл Арман

Ол есірткі сатып, қылмыс жасағаны үшін іздеуде болған

Фото: Видеодан скрин

Түркістан облысында алты жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген 40 жастағы ер адам ұсталды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Күдікті есірткіні заңсыз сатумен байланысты қылмыс жасағаны үшін 2019 жылдан бері іздеуде болған. Ол адамның бет-әлпетін тану функциясы бар «FaceID» смарт камерасының көмегімен ұсталды.

Қазіргі уақытта полиция жедел-тергеу іс-шараларын жалғастыруда. Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталады.

Айта кетейік, жыл басынан бері Түркістан облысының полицейлері іздеуде жүрген 22 қылмыскерді, оның ішінде халықаралық іздеуде жүрген 10 адамды қолға түсірді.