$ 538.03  629.23  6.74
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Көкшетауда өрт шыққан үйден 50 адам шыға алмай қалған

1975 жылы туған ер адам ес-түссіз күйде табылды

Көкшетауда өрт шыққан үйден 50 адам шыға алмай қалған

Көкшетауда алапат өрт шыққан үйден 50 адам шыға алмай қалғаны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ мәліметінше, Көкшетау қаласының С.Буденный көшесінде орналасқан көппәтерлі үйлердің бірінің 3-қабатында пәтерде жиһаз өртенген.

Құтқарушылардың жылдам әрекетінің арқасында өрт өзге бөлмелерге таралып кетпей, тез сөндірілді.

«Өрт сөндірушілер түтін толған пәтерден 1975 жылы туған ер адамды ес-түссіз күйде көтеріп алып шықты. Сонымен қатар, улануды болдырмау мақсатында құтқару қалпақтарының көмегімен 8 адамды, оның ішінде 2 бала құтқарылды. Оған қоса, подъездің 41 тұрғыны, оның ішінде 17 бала эвакуацияланды.

Күйік шалған зардап шегуші медициналық жедел жәрдем бригадасына табысталды. Өрттің себебі анықталып жатыр», - делінген ТЖМ хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары