БҚО-да жүздеген науқас медициналық кепілдік аясындағы дәрі-дәрмектен қағылған

Автор: Асыл Арман

Науқастардың бәрі түрлі диагноздармен диспансерлік есепте тұрған

Фото: depositphotos.com

Батыс Қазақстан облысының Ақжайық аудандық ауруханасының қызметінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында дәрі-дәрмекпен қамту мәселесінен ши шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Талдау барысында мұқтаж адамдарды дәрілік препараттармен қамтамасыз етпеу фактілері анықталды.

Атап айтқанда, түрлі диагноздармен диспансерлік есепте тұрған 700-ден астам пациент өздеріне тиесілі тегін дәрі-дәрмекке қол жеткізе алмай келген.

Прокуратураның қадағалау шаралары негізінде дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз ету ұйымдастырылып, оларды алуға алдын-ала тапсырыс берілді.