31.03.2025, 08:58
Жаңалықтар
«Тәрбие – тал бесіктен»: көшедегі қоқысты жинаған бүлдіршін жұрттың алғысына бөленді (ВИДЕО)
Бүлдіршін қоғамдық іс-шара өткен орынды тазартып жүргенін байқауға болады
Фото: Видеодан скрин
Көшедегі қоқысты жинап жүрген бүлдіршін жұрттың ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиғаның қайда болғаны белгісіз. Бүлдіршін қоғамдық іс-шара өткен орынды тазартып жүргенін байқауға болады.
Осыған қатысты желі қолданушылары түрлі пікір білдірді.
«Тәрбие – тал бесіктен басталады», «Үлкендерден ақылды, қалай лақтырып қойып жүре береді адамдар түсінбеймін», «Тәрбиесі мықты екен, ақылды бала, ата-анасына рақмет», «Құдай жаным сол, осыдан үлгі алыңдар», «Жаным сол. Қандай ақылды бала, ата-анасына рақмет, өзі де саналы бала екен. Аман болсын!» - деп жазды желі қолданушылары.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
06.10.2026, 20:21
Қайтадан қар жауып, үсік түседі: 7 қазанға ауа райы болжамы
06.10.2026, 22:44
Оба індеті: Ресей ДДСҰ-ға маңызды мәлімдеме жасады