Оларды байқап қалған тұрғындар бірден құтқару қызметіне хабар берген
Петропавлда төрт бала жұқа мұзда ойнап жүріп, суға құлай жаздады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға Пестрое көлінде болған. 2010, 2011 және 2013 жылы туған төрт бала мұз үстінде жүрген кезде оларды байқап қалған тұрғындар бірден құтқару қызметіне хабар берген.
Оқиға орнына жақында ғана құрылған әмбебап құтқару жасағы жетіп, балаларды 1,5 шақырым қашықтықтағы жағалауға аман-есен алып шықты.
Төтенше жағдайлар қызметі көктемгі кезеңде мұздың аса қауіпті болатынын ескертеді. Мамандар ата-аналарға балаларына су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіруді және мұндай жағдайларды елемей қалмауды сұрайды.