Өзгеріс енгізу себебі жақын күндері жарияланады
Астана тұрғындары мен қонақтарына №41 автобустың қозғалыс сызбасы уақытша өзгеретіндігі туралы ескерту жасалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл өзгеріс «City Transportation Systems» компаниясының мәліметіне сәйкес енгізілмек. Компания автобустың жаңа бағыты мен өзгеріс енгізу себебін жақын күндері жариялайтынын мәлімдеді.