Сонымен қатар ол өзін сынайтандарға жауап берді
Актриса және блогер Әсел Асқар актерлік мамандыққа қатысты өз пікірін бөлісті. Ол әр жобада кәсіби актер болу үшін арнайы білімнің аса қажет еместігіне көз жеткізіп келе жатқанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мен әр жобада бір нәрсеге көз жеткіземін: жоғары деңгейлі актер болу үшін міндетті түрде білім алу қажет емес. Ең бастысы – құлшыныс, еңбек және тәртіп. Бұған 100% сенімдімін», – деп жазды ол Instagram-дағы сторисінде.
Сондай-ақ, ол өзін «жай ғана блогер» деп сынға алатындарға жауап ретінде видео жариялады. Онда актриса аудиториясының арқасында блггер ғана емес, жұлдыз екенін алға тартты.