Бұл – Шайдоровтың әлем чемпионатындағы ең жоғары нәтижесі
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Бостонда (АҚШ) өткен әлем чемпионатында екінші орын иеленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қысқа бағдарламадан кейін үшінші орынға тұрақтаған ол еркін бағдарламада нәтижесін жақсартып, 192,70 ұпай жинады. Жарыстың қорытындысы бойынша оның жалпы көрсеткіші 287,47 ұпай болып, күміс медальге қол жеткізді.
Бұл – Шайдоровтың ересектер арасындағы әлем чемпионатындағы ең жоғары нәтижесі. Бұған дейін ол жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанып, Төрт құрлық чемпионатында алтын медаль жеңіп алған, сондай-ақ Азия ойындарында қола жүлдеге ие болған.
Спортшы 2026 жылғы Олимпиада ойындарына қатысу нормативін де орындады. Ол үшін Бостонда өткен әлем чемпионатында үздік 24 спортшының қатарына енуі қажет болатын. Қазір Халықаралық мәнерлеп сырғанау одағынан спортшылардың ресми тізімі күтілуде.