$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Банкте бомба қойылған»: өтірік хабар таратқан астаналық түрмеге жабылатын болды

Аталмыш іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

«Банкте бомба қойылған»: өтірік хабар таратқан астаналық түрмеге жабылатын болды
Фото: pixabay.com

Көкшетау полицейлері қаладағы банктердің біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған ақпарат таратқан Астана тұрғынын анықтады. Бұл туралы Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Оқиға қаңтар айында болған. Банктің Call-орталығының электронды поштасына ғимаратқа бомба қойылғаны туралы хабар түскен.

Оқиға орнына дереу жеткен полиция мен саперлар ғимаратты тексеріп, ешқандай жарылғыш зат таппаған. Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті анықталып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция жалған ақпарат таратудың қоғамға қауіпті әрі мұндай құқықбұзушылықтың ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін еске салады. Күдікті заттарды немесе нақты қауіп-қатерді байқасаңыз, дереу 102 нөміріне хабарласу қажет.

Серіктес жаңалықтары