Онымен қоса аяғы сынған
Ақмола облысының Щучинск қаласында қоғамдық моншада қазандық жарылып, отыншы болып жұмыс істеген 64 жастағы жергілікті тұрғын зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, денесінің 90 пайызын күйік шалып, аяғы сынған ер адам қалалық ауруханаға жеткізілген.
Дәрігерлердің әрекетіне қарамастан жәбірленуші қайтыс болды.
Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Жазатайым оқиға жұмысқа байланысты деп жіктеледі. Қайғылы оқиғаны арнайы комиссия зерттемек.