Өзбекстан президенті Қазақстанға жұмыс сапарымен келді

Автор: Дәулет Ботагөз

Оны әуежайдан Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды

Фото: Ақорда

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев бейресми кездесу өткізу үшін Қазақстанға жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы Ақорда мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Мәртебелі мейманды Алматы әуежайында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды. Бүгін мемлекеттер басшылары бейресми кездесу өткізіп, қаладағы бірқатар нысанды аралап көреді», — делінген хабарламада.