2025 жылдың алғашқы екі айында прокуратура органдарына 70 мыңнан астам өтініш түскен
Бас прокуратура қазақстандықтардың ең жиі қандай мәселелер бойынша шағымданатынын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ведомствоның мәліметінше, 2025 жылдың алғашқы екі айында прокуратура органдарына 70 мыңнан астам өтініш түскен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14%-ға көп.
Қазақстандықтардың ең көп шағымданатын мәселелері:
Бас прокуратура азаматтардың сот актілеріне қатысты шағымдарына да тоқталды. Егер азаматтық істер прокурордың қатысуынсыз қаралған болса (мемлекет, қоғам немесе өзін қорғай алмайтын азаматтардың мүдделеріне қатысты емес санаттар), прокуратура бұл мәселелер бойынша арыздарды қарамайтынын ескертті.
«Іс жүзінде азаматтар прокуратураға осы мәселелер бойынша жиі жүгініп, жеке қабылдауға сұраныс білдіреді. Алайда, прокуратураның құзыретіне жатпайтындықтан, мұндай өтініштер қанағаттандырылмайды», – деп түсіндірді ведомство өкілдері.