$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбеде 120-дан астам шетелдікті заңсыз тіркеген азамат сотталды

Облыста заңсыз көші-қон арнасы әшкереленді

Ақтөбеде 120-дан астам шетелдікті заңсыз тіркеген азамат сотталды
Фото: © istockphoto.com

Ақтөбеде 120-дан астам шетелдік азаматты заңсыз тіркеуге көмектескен ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰҚК мәліметінше, Ақтөбе облысында заңсыз көші-қон арнасы әшкереленген. Жергілікті тұрғын ұйымдастырған схема бойынша шетел азаматтары Қазақстанда заңсыз түрде тіркеліп, жалған жұмысқа орналасу және мекенжайға тіркелу арқылы елде қалуға мүмкіндік алған.

«2025 жылғы 20 наурызда Ақтөбе қалалық сотының шешімімен заңсыз көші-қонды ұйымдастырған азамат ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабының 1-бөлігі (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша кінәлі деп танылып, бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді», – делінген ресми хабарламада.

ҰҚК заңсыз рәсімделген барлық құжаттардың күші жойылғанын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары