Тұрғын үй құны өзгермеген қалалар да белгілі болды
Қазақстанда биыл жыл басынан бері тұрғын үй құны қаншалықты қымбаттағаны белгілі болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Krisha.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан бойынша тұрғын үйдің орташа құны үш айда 3%-ға өсіп, 1 шаршы метр үшін 379 913 теңгеден 391 424 теңгеге дейін қымбаттады.
Тұрғын үй мына қалаларды қымбаттады:
Статистикаға қарап Қостанай мен Ақтауда өзге қалаларға қарағанда көбірек қымбаттағанын байқауға болады.
Ал мына өңірлерде қымбаттау көрсеткіші өзгелеріне қарағанда төмендеу:
Тұрғын үй құны аздап өзгерген өңірлер:
Түркістан мен Талдықорған-тек + 0.9%. Бұл нарықтың тұрақтанғанын немесе сұраныстың төмендігін көрсетуі мүмкін.
Ал баспана құны қымбат қалалардың үштігін Алматы, Астана, Ақтау құрап тұр. Алматыда бір шаршы метр үйдің құны – орташа есеппен 768 220 теңге, Астанада – 526 170 теңге, Ақтауда – 401 487 теңге.