Қар суы жолдарды, тұрғын үйлер мен коммерциялық ғимараттарды басып қалуы мүмкін
Ақмола облысында көктемгі қар суы бірқатар ауылды басып қалуы мүмкін, аймақта қауіп сейілмей тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктер бірқатар өңірде ауа райын байланысты дауылды ескерту жариялады.
Жамбыл, Жетісу облыстарында жел соғып, тұман түседі.
Батыс Қазақстан, Алматы, Ұлытау облыстарында тұман түседі.
Абай облысында шаңды дауыл соғады.
Шығыс Қазақстан облысында ауа райы жағдайына байланысты екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескерту өзгеріссіз қалады.
Ақмола облысында еріген қар суы жолдарды, елді мекендерді, тұрғын үйлер мен коммерциялық ғимараттарды басып қалуы мүмкін.