«Жабайылық»: Қайрат Нұртас концертінде киімін лақтырып, жұрттың ашуын тудырды (ВИДЕО)

Автор: Мөлдір Қазыбай

Әншінің әзілі мен қылығы желі қолданушылары тарапынан сынға ұшырайды

Фото: Видеодан скрин

Танымал әнші Қайрат Нұртас концертінде киімін лақтырамын деп жұрттың ашуын тудырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әнші «Байқа» атты әнін орындап тұрып, үстіндегі қызыл пиджагын тыңдармандарының үстіне лақтырады. Ал сахнаға жақын келген жанкүйеріне «Аяқ киімімді берейін бе?» деп әзілдейді.

Әншінің әзілі мен қылығы желі қолданушылары тарапынан сынға ұшырайды.

«Адамдар не болды, сонша төмендегендерің? Масқара ғой мынау», «Әнші емес клоун болды ғой», «Миының жеткен жері осы болды ма?», «Жабайылық», «Итке лақтырғандай, не болды сонша», «Сонша не болды, дым көрмегендей», «Ұят екен», - деп жазды желі қолданушылары.