Тоқаев Жамбыл облысындағы жер сілкінісіне байланысты Бектеновке арнайы тапсырмалар берді

Автор: Асыл Арман

Үкімет облыстағы ахуалды бақылауға алды

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысындағы жер сілкінісіне байланысты Үкімет басшысына тапсырмалар берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің өңірдегі жер сілкінісінен кейінгі ахуал бойынша баяндамаларын тыңдады

«Мемлекет басшысы премьер-министр Олжас Бектеновке әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті көмек көрсетуді тапсырды.

Үкімет облыстағы ахуалды бақылауға алды», - делінген Ақорда хабарламасында.