Олар демалып жатқан аймақта дүмпулер болмаған
Мьянмада 7,7 магнитудалы жер сілкінісі болғанына байланысты ҚР азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарын кепілдендіру жүйесінің әкімшісі «Туристік Қамқор» ақпарат берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Андаман теңізі жағалауындағы (Пхукет, Као Лак, Краби) және Сиам шығанағындағы (Паттайя, Хуа Хин, Районг, Ко Чанг және Самуи аралдары) курорттардағы жағдай тұрақты, дүмпулер тіркелген жоқ.
Бангкок әуежайында уақытша ұшу-қону тоқтатылған болатын, қазір әуежай қалыпты жұмысын жалғастырып жатыр.
Қазіргі уақытта Таиландта 4457 қазақстандық турист бар. ҚР азаматтарының құқықтарын кепілдендіру жүйесінің әкімшісіне немесе жүйеге қатысушы туроператорларға эвакуациялау туралы өтініштер түскен жоқ.