Риддерде жас жұбайларды өлтіріп кеткен күдікті ұсталды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Қайғылы оқиға 21 наурызда болған

Фото: istockphoto.com

Шығыс Қазақстан облысында адам шошырлық қылмыс болды. Риддерде жас жұбайлардың мәйітітабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қайғылы оқиға 21 наурызда болған. Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментінің мәліметінше, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталды. Сот оған қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді», - деп хабарлады құқық қорғау органдары агенттікке берген түсініктемесінде.

Ведомствоның баспасөз қызметі бұл іс Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында екенін қосты.