$ 503.42  542.08  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістан облысында пәтер тонап, сотталған жігіт осы қылмысы үшін тағы да ұсталды

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр

Түркістан облысында пәтер тонап, сотталған жігіт осы қылмысы үшін тағы да ұсталды
Фото: Polisia.kz

Түркістан облысында бұрын екі рет пәтер тонап, сотталған жас жігіт кезекті рет осы қылмысы үшін ұсталды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ордабасы ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оның үйіне ұры түсіп, бағалы заттарын қолды қылған. Яғни алтын жүзік, күміс білезігі мен Samsung А16 телефонын жымқырып, жалпы құны жарты миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірген.

Аталған жайт тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды. Ауданның криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде күдікке жас жігіт ұсталды.

Тексеру барысында оның ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша 3 жылға сотты болып, 2024 жылы шартты түрде босап шыққаны анықталды. Күдіктінің бұдан бөлек екі пәтер ұрлығына қатысы бар болып шықты. Айғақты заттар толығымен алынды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары