Алматыда кәсіби қалта ұрылары қолға түсті

Автор: Асыл Арман

Олардан бірнеше ұялы телефон табылды

Фото: Видеодан скрин

Алматыда қоғамдық көлікте және қоғамдық орындарда бөтеннің мүлкін ұрлады деген күдікпен үш ер адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Үшеуі де осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы белгілі болды. Тінту кезінде ұсталғандардан азаматтардан ұрланған үш ұялы телефон табылды. Қазіргі уақытта олардың қылмыстық әрекеттерінің барлық эпизодын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», - деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаев.

ПД мәліметінше, өткен жылы қолға алынған шаралардың арқасында 513 ұрлық жасағаны үшін кінәлі деп танылған 315 ұры, сондай-ақ қоғамдық орындарда ұрлық жасаған 102 топтың қылмыстық әрекетінің алдын алғанын айтты.

Полицейлер азаматтарға мүліктік қауіпсіздік шараларын күшейту қажеттігін ескертеді: қоғамдық орындарда абай болыңыз, жеке заттарыңызды бақылауда ұстаңыз және құнды заттарды қараусыз қалдырмаңыз.