Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Синоптиктер болжамы жарияланды

Фото: istockphoto.com

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның бірқатар өңірінде тұман түсіп, боран соғып, жаңбыр жауады. Осыған байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Павлодар облысында тұман болады.

Қызылорда қаласы мен Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады.

Жамбыл, Түркістан облыстарында жаңбыр, қар, жел, көктайғақ, тұман болады.

Шымкент, Түркістан, Талдықорған, Қонаев қалаларында, Ақтөбе облысында екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Тараз қаласында, Алматы, Жетісу, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түсіп, жел күшейеді.