$ 503.42  542.08  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Экологиялық құқық бұзушылықтар: Қазақстанда бақылау камераларының саны артты

Екі айда 7 мыңға жуық экологиялық заңбұзушылық тіркелді

Экологиялық құқық бұзушылықтар: Қазақстанда бақылау камераларының саны артты
Фото: © istockphoto.com

Қазақстанда экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында бейнебақылау камераларының саны көбейтілді. 2025 жылдың алғашқы екі айында полиция 6931 экологиялық заңбұзушылықты тіркеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдары табиғатты қорғау заңнамасын бұзушыларды анықтауда заманауи технологияларды кеңінен қолдануда. Бейнебақылау жүйесінің кеңеюі құқық бұзушылықтарды жедел анықтауға мүмкіндік береді.

«Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2025 жылдың екі айында республика бойынша 6931 экологиялық заң бұзушылық анықталды. 6813 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Астанада 15 заңбұзушылық тіркеліп, 12 адамға айыппұл салынды», – делінген хабарламада.

Әсіресе, елордада бейнебақылау жүйесін кеңейтуге ерекше назар аударылуда. Қазіргі таңда Астанада 207 мың камера орнатылған, оның 36 мыңы жедел басқару орталығына қосылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі мың камераға артық.

Серіктес жаңалықтары