25.03.2025, 17:08
Жаңалықтар
Қостанай облысында мемқызметкерлерге іссапар шығындары артық төленген
Артық төленген қаражат бюджетке қайтарылды
Фото: depositphotos.com
Қостанай облысында 12 мемлекеттік қызметкерге негізсіз жоғары мөлшерде іссапар қаражаты төленгені анықталды. Бұл бюджетке 200 мың теңгеден астам шығын келтірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy TobolInfo.kz-ке сілтеме жасап.
Мемлекеттік қызмет істері департаментінің мәліметінше, іссапарға шыққан қызметкерлер жол жүру, тұрғын үй ақысы және тәуліктік шығындарды белгіленген тәртіп бойынша алуы тиіс. Алайда тексеріс барысында Сарыкөл, Денисов және Федоров аудандарының жергілікті атқарушы органдарында заң бұзушылықтар анықталған.
Департаменттің араласуынан кейін артық төленген қаражат бюджетке қайтарылды.
Көп оқылған
22.10.2026, 17:03
«Жауыма да тілемеймін»: Дана Нұржігіттің ұлы өгей әкесінен көрген қорлығы жайлы айтты (ВИДЕО)
22.10.2026, 12:01
Жүздеген ақбөкенді өлтіріп, мүйізін Қытайға сатпақ болған: ҰҚК сұмдық мәліметті жария етті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды