Қостанай облысында мемқызметкерлерге іссапар шығындары артық төленген

Автор: Дәулет Ботагөз

Артық төленген қаражат бюджетке қайтарылды

Фото: depositphotos.com

Қостанай облысында 12 мемлекеттік қызметкерге негізсіз жоғары мөлшерде іссапар қаражаты төленгені анықталды. Бұл бюджетке 200 мың теңгеден астам шығын келтірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy TobolInfo.kz-ке сілтеме жасап.

Мемлекеттік қызмет істері департаментінің мәліметінше, іссапарға шыққан қызметкерлер жол жүру, тұрғын үй ақысы және тәуліктік шығындарды белгіленген тәртіп бойынша алуы тиіс. Алайда тексеріс барысында Сарыкөл, Денисов және Федоров аудандарының жергілікті атқарушы органдарында заң бұзушылықтар анықталған.

Департаменттің араласуынан кейін артық төленген қаражат бюджетке қайтарылды.