Алматы облысында саңырауқұлақ теруге кеткен отбасы жоғалып кетті

Автор: Дәулет Ботагөз

Олардың көлігі таулы асуда лайға батып қалған

Фото: pixabay

Алматы облысында саңырауқұлақ теруге шығып, жоғалып кеткен алты адамнан тұратын отбасы құтқарылды. Олардың көлігі таулы асуда лайға батып қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлік мәліметінше, Балқаш ауданының тұрғындары жеңіл автокөлікпен орманға барған, алайда үйлеріне оралмаған. Жақындары олармен байланыса алмай, құтқару қызметіне жүгінген.

«Іздестіру жұмыстары барысында отбасы табылды. Олар асуда лайға батып, жолдарын жалғастыра алмаған», – делінген хабарламада.

Құтқарушылар отбасы мүшелерін қауіпсіз жерге жеткізді, олардың өміріне ешқандай қауіп жоқ.