$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жасанды интеллект әйел адамның ағзасынан қатерлі ісікті анықтады

Қазір ол химиотерапиядан өтіп жатыр

Жасанды интеллект әйел адамның ағзасынан қатерлі ісікті анықтады
Фото: istockphoto.com

Жасанды интеллект франциялық әйелдің қанынан қатерлі ісікті анықтады. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Әкесі қайтыс болғаннан кейін Марли Гарнрейтер түнде үнемі терлеуден, денесінің қышынуынан және үнемі шаршап жүруден қиналып жүрген. Бастапқыда ол бұл белгілер қайғы мен алаңдаушылықтан болған деп ойлап жүрген. Алайда бұл симптомдар тоқтаған жоқ. Уақыт өте келе Марли еш себепсіз арықтай бастады. Осыдан кейін бірдеңе дұрыс емес деп күдіктене бастайды.

Ол ChatGPT-ге өзінің белгілері туралы жазғанда қорқынышты жауап алды. Жасанды интеллект бұл қанның қатерлі ісігі болуы мүмкін екенін жазған.

«Мен күмәнданып, бұл болжамға аса мән берген жоқпын. Бұл шын болуы мүмкін емес деп ойладым», - дейді француз әйел.

Уақыт өте келе жаңа белгілер пайда бола бастады – тұрақты шаршау сезімі мен кеудедегі қысымның жоғарылауы. Марли ақыры дәрігерге қаралғанда, сол жақ өкпесінде күдікті түйін пайда болғаны анықталды. Диагноз Ходжкин лимфомасы, яғни қан ісігінің бір түрі болды.

«Мен қатты таң қалдым. Бұл қатерлі ісік деп ешқашан ойламап едім», - дейді қыз.

Қазір ол химиотерапиядан өтіп жатыр. Марлидің әңгімесі аурудың ықтимал белгілерін елемеудің қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.

Серіктес жаңалықтары